Каспий теңізінің тартылу қарқынын метеорологтар көрсетті

Ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
787

Каспий теңізінің деңгейінің төмендеуінен ең көп зардап шегіп отырған — теңіздің қазақстандық бөлігі, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

«Қазгидромет» РМК ғалымдарының болжамы бойынша, ғасыр ортасына қарай су деңгейі тағы да екі метрге төмендеуі мүмкін.

Теңіз деңгейінің төмендеуін климаттың өзгеруі мен адамның шаруашылық әрекеті жылдамдатып отыр.

«Community Climate System Model» атты климаттық модельдің RCP4.5 және  RCP8.5 сценарийлері негізінде жүргізілген зерттеулер теңіз деңгейінің төмендеу үрдісі сақталатынын көрсетті. Есептеулерге сәйкес, 2050 жылға қарай Каспий теңізінің деңгейі Балтық биіктік жүйесі бойынша минус 32,4 – минус 34 метр белгісіне дейін түсуі мүмкін», – деп хабарлады Қазгидромет мамандары.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада мектеп оқушылары арасында болған жанжал сегізінші сынып оқушысының ауыр жарақат алуымен аяқ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі қазақстандық актер, марқұм Мұрат Бисембиннің қызы Диана Болатова тұрмысқа шықты, деп хабарла...