Жамбыл облысында ер адам экс-сүйіктісіне берген ақшасын қайтарып алу үшін сотқа жүгінді

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
681

Ер адам отбасын құру ниетімен 4-5 ай бойы келіншекпен жақын қарым-қатынаста болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Осылайша келіншек пен оның екі баласына қаржылық қолдау көрсетіп отырған.

Байланыс тоқтатылғаннан кейін ол барлық ақшаны қайтаруды талап еткен.

Бірақ әйел қайтарудан бас тартып, оны бұғаттап тастаған.

Сотта ер адам жауапкерден 2,5 млн теңге сұрады.

Алайда сот ақшаны талап қоюшының өз еркімен аударғанын және өтеусіз материалдық көмек сипатында болғанын анықтады.

Осылайша талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 48-сессиясында &laq...

ЖАҢАЛЫҚТАР

77 адамның өмірін қиған қос терактіден кейін шамамен 15 жыл өтсе де, Андерс Брейвик (қазіргі есімі &...