Қазақтың «Беташар» салты ЮНЕСКО тізіміне енді

Фото: kazgazeta.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2291

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Жаңа ғана Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді, - деп жазды Ерлан Қарин Facebook парақшасында.

«Беташар»  — қазақ халқының келін түскенде орындалатын маңызды әрі ерекше дәстүрлерінің бірі. Салт жаңа түскен келінді әулетке таныстыру мақсатында жасалады. Бұл салт үйлену тойының ажырамас бөлігі және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада бірнеше күн бойы іздестірілген 65 жастағы тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлайды Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Меркі ауданында қайтыс болған 19 жастағы Мадина Рашидқызының денесіне эксгумация жа...