Астана маңында жол апатынан екі адам қаза тапты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
451

1 мамырда Астана – Атбасар – Жақсы автожолында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, трассада Lada Granta жеңіл көлігі мен DAF XF 480 FT жүк көлігі соқтығысқан.

«Соққы жеңіл көлікте болғандар үшін өлімге әкелді – жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел қызметтер жұмыс істеді. Апаттың мән-жайы қазіргі уақытта анықталуда», – деп хабарлады ведомство.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

ТАРИХ

Қазақстан Ұлы Дала тарихы мен өркениетін зерттеу бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты қолға алды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы 2026 жылғы қаңтар-шілде айларындағы ақша-кредит саясатын жүзеге асыру қорытындысы т...