ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм»...
Алматыда автосалон қызметкерлерінің көз алдында су жаңа көлікті ұрлап әкетті
Фото: kolesa.kz
1137
Алматы облысында автосалон тұрағынан автокөлік ұрлады деген күдікпен бірнеше адам ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz өңірлік полицияға сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, қылмыс Бесағаш ауылында болған. Алдын ала сөз байласқан бірнеше адам автосалоннан Changan CS55 Plus маркалы көлікті айдап әкеткен.
Күдіктілер Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталған.
Кейін ұрланған автокөлік Түркістан облысының Жетісай қаласы аумағынан табылды. Көлік тергеу әрекеттері аясында тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.