Бүгін Қазақстанға Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен келді. Бұл ту...
Тұрмыс құрғанына екі ай болған келіншек ажал құшты
Коллаж: әлеуметтік желі
128
Тұрмыс құрғанына небәрі екі ай болған Асиманың қазасына қатысты туыстары бірқатар сұраққа жауап іздеп отыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Марқұмның артында «Маған бірдеңе болса, енем кінәлі» деген мазмұнда хат қалдырғаны айтылуда. Осыған байланысты Асиманың жақындары істің барлық мән-жайы жан-жақты әрі әділ зерттелуін талап етуде.
Туыстары ешкімді сотсыз кінәлі деп жариялауға болмайтынын атап өтті. Алайда марқұмның соңғы сөздері тергеу барысында ескеріліп, хатта көрсетілген жайттарға құқықтық баға берілуі керек деп санайды.
«Асиманы бұл қадамға не итермеледі? Қандай жағдайлар болды? Оған қысым көрсетілді ме? Хатта айтылған жайттардың шындығы қандай?» – деген сұрақтарды туыстары көтеріп отыр.