АҚШ Украинаға әскери көмек беруді тоқтатты

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1200
 

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинаға әскери көмекті уақытша тоқтатуға бұйрық бергенін жазды, деп хабарлады madeniportal.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

 Ақ үйдің өкілі бұл ақпаратты таратқанда аты-жөнін атап көрсетпеген.

Президент бейбітшілікке ұмтылатынын ашық білдірді. Бізге серіктестеріміздің де осы мақсатқа берік болғанын қалаймыз. Біз көмекті уақытша тоқтатып, қайта қарастырып жатырмыз, оның мәселені шешуге ықпал ететініне көз жеткізуіміз қажет, – делінген AFP агенттігі таратқан мәлімдемеде.

Bloomberg және Fox News мәліметінше, бұл үзіліс Украина басшылығының бейбітшілікке ұмтылысын дәлелдегенше жалғасады.

Бұл көмек толық тоқтатылғанын білдірмейді, тек уақытша үзіліс, – деп келтіреді Fox News Трамп әкімшілігінің өкілін.

Bloomberg деректеріне сәйкес, шешім Украинаға әлі жеткізілмеген барлық америкалық әскери жабдықтарға, соның ішінде жолда тұрған немесе Польша арқылы транзитті күтіп тұрған қару-жараққа да әсер етеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...