Алматыда автожол мен демалыс аймақтарын су басты

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
153

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жауын-шашын салдарынан Түрген өзеніндегі су деңгейі көтерілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz sn.kz-ке сілтеме жасап. 

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің мәліметінше, су деңгейінің көтерілуінен «Түрген — Асы» автожолының 25-шақырымындағы жол бөлігін су басқан. Сондай-ақ Түрген өзенінің бойындағы аумақтардың су астында қалғаны тіркелді. Атап айтқанда, 6–9 шақырым аралығында 6 киіз үй және «Түргенсай» демалыс аймағы орналасқан. Қолдан жасалған жаяу жүргіншілер көпірлері ішінара зақымдалған.

— Тексеру барысында Үлкен Алматы каналының (ҮАК) бойындағы автожолдың 54-шақырымында орналасқан көпірдің су өткізгіш құрылымы айналасындағы топырақты су шайып жатқаны анықталды. Аталған көпір 2024 жылы апатты жағдайда деп танылған болатын. Жұмыстарды үйлестіру мақсатында ауданы әкім, сондай-ақ аумақтық бөлімшелер, полиция, төтенше жағдайлар қызметтері мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдар жетекшілері мен бастықтарының қатысуымен жедел штаб ұйымдастырылды, — деп хабарлады әкімдіктен.

Қазіргі уақытта туристік нысандар мен туристік аймақтарда болған демалушыларды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Алматы облысының ТЖД облыстық маңызы бар КВ-49 «БАК каналы бойындағы автомобиль жолы» автожолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді. Шектеу Еңбекшіқазақ ауданындағы таулы аумақта нөсер жауын-шашын салдарынан Түрген өзенінің ағысы күшейіп, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төнуіне байланысты енгізілді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жедел жәрдем көлігі мен электрлі велосипедтің қатысуымен болған жол апатынан 2004 жылы туға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа ән айтып тұрған сәтте полиция келіп, жоба авторына айыппұл салды, деп хабарла...