Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомствоның өкілеттігін кеңейтетін президент жарлығының жобасын дайында...
Қазақстанда тағы да бензин қымбаттайды
ашық дереккөз
Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасына қойылған мораторий өз күшін жойды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Үкіметтегі брифингте журналистер Энергетика вице-министрінен жанармай бағасының күрт қымбаттауын күту керек пе деген сұрақ қойды.
«Бұрын да жанар-жағармай нарығы еркіндікке жіберілген кезеңді еске түсіріңіздер – ол кезде де баға күрт өскен жоқ. Бұл тек Энергетика министрлігінің емес, сонымен қатар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, әкімдіктер мен басқа да мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының нәтижесі. Біз антибәсекелестік әрекеттерге жол бермеу үшін жағдайды бақылап отырмыз. Екінші мәселе – көтерме бағаларды түсіну. Агенттік ықтимал артық табыстарды да қадағалайды. Сондықтан мен және әріптестерім жанар-жағармай бағасында күрт өсім болмайтынына сенімдіміз. Өсім, ең алдымен, нарықтық сипатта болады – көрші елдерде жанармай қымбат екенін көріп отырсыздар. Біртіндеп аздаған қымбаттау болуы мүмкін, бірақ күрт секіріс күтілмейді», – деді Сұңғат Есімханов.
Еске салайық, жанар-жағармай бағасын көтеруге мораторий Қазақстанда 2025 жылдың қазан айында енгізілген еді.