Алматыда экс-полицей әйелін жантүршігерлік жағдайда өлтірді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2250

Алматыда экс-полицей бірге тұратын әйелін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам отбасылық жанжал кезінде бірге тұратын әйелін пышақтаған.  Әйел оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Алматы қаласының полициясы.

Осыдан кейін күдікті өз-өзіне қол салмақ болған. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Онда күдікті күзетпен жатыр.

Күдікті бұған дейін Алматы облысында полиция департаментінде қызмет атқарған, теріс себептермен жұмыстан шығып кеткен.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...