Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыста қайғылы оқиға болған үйдің МИБ төрағасы, айыпталушы Сәуле Жұбаниязовадан жауап алынды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлдана Мырзуан ісі бойынша МИБ төрағасы: "Өзімді кінәлі деп санамаймын“
Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz
132
Жұбаниязова бұл үйде анасымен және екі баласымен бірге тұратынын айтты. Оның сөзінше, қайғылы оқиғадан екі апта бұрын ғимаратта жаңа жарықтар пайда бола бастаған. Түнде ол сытырлаған дыбысты естіп, өз пәтеріндегі бөлме төбесінде жарық ұлғайғанын көрген.
Айыпталушының айтуынша, үйдің бір тұрғыны да сытырлаған дыбысты естіп, пәтеріндегі жарық кеңейгенін хабарлаған. Осыдан кейін МИБ төрағасы ТЖМ-ін шақырып, конструкциялар қирап жатқандықтан, бірінші кіреберістің бір бөлігін қоршауды сұраған.
Жұбаниязова соттан істің барлық мән-жайын мұқият қарастыруды және оның МИБ төрағасы ретіндегі міндеттерін қайғылы жағдайдан бөліп қарауды сұрады.
"Құрметті сот, мен істің барлық мән-жайын анықтап, МИБ төрағасы болғанымды осы қайғылы оқиғадан бөліп қарауды өтінемін. Мен бұл жағдайда өзімді кінәлі деп санамаймын", - деді айыпталушы.