Алматыда ер адам күзетшіні көлікпен соғып, артынша тепкілеп өлтірді

ЖАҢАЛЫҚТАР
3290

Алматыда ер адам тұрғын үй күзетшісін көлікпен қағып, артынша тепкілеп өлтірген. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Бұл Алматы. Мұнда өткен түнде элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінде күзетші мен тұрғын арасында қақтығыс болды. Нақты не болғаны әзірге белгісіз, алайда үй тұрғыны күзетшімен сөйлескеннен кейін көлігімен қақпаны соғып, содан кейін көлікпен күзетшіні қағады, сосын оны аяғымен тепкілеп, өлімше етіп сабады. Жәбірленуші ауруханада қайтыс болып, шабуылдаған ер адам ұсталған», - деп жазды журналист.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме берді.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, күзетші мен ТК тұрғыны арасында жанжал туындап, 45 жастағы ер адам күзетшіге ауыр дене жарақатын салған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады полиция.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...