Былтыр Қазақстанда 5,6 мың қыз балаға Айлин, ал, 5,5 мың қыз балаға Медина деген ат қойылған, деп ха...
«Жағдайы ауыр»: Қостанай облысында шахтада жарылыс болды
ашық дереккөздерден
Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі «Соколовская» шахтасында 5 қаңтарда «өндірістік оқиға салдарынан» зардап шеккен 1970 жылы туған науқасқа операция жасалғанын айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы ng.kz жазды.
Бүгін, 6 қаңтарда, оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақты, есі қалпына келе бастағаны байқалады.
«Медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Жағдай Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бақылауында», – деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Еске салайық, кеше «Соколовская» шахтасының скреперлік лебедка машинисі бақылаусыз жарылыс салдарынан жарақат алған: дучкада ілініп қалған ірі кен кесектерін жарылғыш материалдарды қолдану арқылы жою жұмыстары жүргізілген.
«Зардап шеккен адам шахта қызметкерлері тарапынан жедел түрде жер бетіне шығарылып, медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды. ССГПО мәліметінше, оқиға шахтаның жұмысына әсер еткен жоқ, жұмыстар штаттық режимде жүргізіліп жатыр. Апатты тергеу үшін комиссия құрылады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда», – деп Қостанай облысының ТЖД iagorod.kz порталының сұрауына жауап бере отырып түсіндірді.