Алматыда ер адам өгей әкесін пышақтап өлтірді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
353

Алматыда отбасылық жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды. Түнгі сағат үштер шамасында «102» арнасына Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде пышақ жарақатын алған адам туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы жетті. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, 59 жастағы ер адам алған көптеген пышақ жарақаты мен көп қан жоғалтудың салдарынан көз жұмды.

Алмалы аудандық полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол марқұмның 34 жастағы өгей ұлы болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, отбасылық жанжал кезінде ол ер адамға асүй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған. Күдіктінің айтуынша, жанжал анасына қатысты туындаған кикілжіңнен кейін басталған. Аталған жайттардың барлығы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жан-жақты тексеріледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Продюсер Баян Мақсатқызы осыдан екі жарым ай бұрын берген уәдесінде тұрып, Қазақстан халық әртісі Ме...

ЖАҢАЛЫҚТАР

65 жастан асқан қазақстандықтар несиені енді онлайн ала алмайды. Олар несие алуға өтініш беру ү...