Ақтөбеде 10-сынып оқушысы өзінен бір сынып кіші оқитын баланы пышақтаған

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1711

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында екі жасөспірімнің арасындағы жанжал пышақ жарақатымен аяқталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 26 қазан күні болған. Белгілі болғандай, екеуі бір ауданның тұрғыны, бірақ әртүрлі мектепте оқиды.

Жараланған 9-сынып оқушысы алдымен Шалқар аудандық ауруханасына жеткізіліп, кейін жағдайының күрделенуіне байланысты Ақтөбе облыстық балалар ауруханасына ауыстырылған. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалауда.

Полиция бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті – 2011 жылы туған 10-сынып оқушысы. Ол ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Құқық қорғау органдары мен облыстық білім басқармасы қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы жанжал мен зорлықтың алдын алу жұмыстарын күшейтіп жатқанын хабарлады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...