8 жастағы бала өрттен 2 бауырын аман алып қалды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
394

Батыс қазақстандық 8 жасар бала жанып жатқан үйден екі бауырын аман алып шыққан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

16 ақпанда Сырым ауданы Аралтөбе ауылында болған оқиғаны тілшімізге баланың өзі айтып берді.

«Үйде екі ініммен өзім болдым. Үлкені 2 жасар, ал кішісі 8 айлық. Өрт болғанын анама айтып, ол келгенше бауырларымды алып сыртқа шықтым. Біз қорықтық. Ендігі арманым үйлі болу», - дейді Бейбарыс Тілекберген.

Алғашында үш бала қақаған аязда жеңсіз киіммен  сыртқа шығуға қорқып үйдің кіре берісін паналаған. Алайда тілсіз жау ол жаққа да жеткен.

«Бейбарыс екі баламен  киімсіз көше жаққа шыққан. Бірін көтеріп, бірін жетектеп далада тоңып тұрды», - дейді Бейбарыстың анасы.

Тілсіз жау үйді күлге айналдырып, қазіргі уақытта отбасы жалдамалы пәтерде тұрып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметті желіде Ақтаудағы Орталық жолда өртеніп жатқан көліктің видеосы тарады, деп хабарлады ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 65 жастағы ер адам 35 жастағы әйел мен оның 10 айлық қызын зорлап өлтірді деген күдікпен...