Алматыда ерсі іспен айналысқан әйелдің сұмдығы ашылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2310

Алматыда алаяқтық қылмыс жасады деген күдікпен үш әйел адам ұсталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қыдмыскерлер қарапайым тұрғындарға келтірген жалпы шығыны 346 миллион теңгеден асты. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді. Қылмыскерлер халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуды ұсынып, алдап кеткен. Олардың әрекеттерінің салдарынан көптеген азаматтар айтарлықтай материалдық шығынға ұшырады.

«Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі – аса ірі көлемде жасалған алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция, зардап шеккендердің барлығын және қылмыстық әрекеттің қосымша эпизодтарын анықтау бойынша шаралар қабылдауда», - деді Алматы қалалық ПД тергеу Басқармасының бастығы Айбат Мурзамадиев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдайда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына жиналған қаржылай көмек табысталды. Қара...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп...