Мектепке бір күн де бармаған: БҚО-да 10 жастағы балаға қатысты сот шешімі шықты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
119

Батыс Қазақстан облысында 10 жасына дейін мектепке бармаған, оқып-жазуды білмейтін және қоқыс арасынан тамақ іздеп күн көрген баланың анасы ата-ана құқығынан айырылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Бұл туралы Азаттық рухы жазды. Баланың құқығын қорғау үшін «Отбасылық үлгідегі облыстық балалар ауылы» сотқа жүгінген.

Сот мәліметінше, баланың анасы ішімдікке салынып, ата-аналық міндеттерін орындамаған. 10 жасар ұл бұған дейін мектепке мүлде бармаған, әріп танымаған. Тамақ пен киімді қоқыс үйінділерінен іздеуге мәжбүр болған.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия баланы анасынан алып, арнайы орталыққа орналастырған. Үш ай ішінде анасы ұлын бірде-бір рет іздеп келмеген.

Психологтар баланың ауыр психологиялық жарақат алғанын және анасымен эмоционалдық байланысы жоғалғанын анықтаған. Ол анасы өзін қайтадан бұрынғы өміріне алып кетеді деп қорқатынын айтқан.

Сот әйелді ата-ана құқығынан айырып, одан баланы асырауға алимент өндіру туралы шешім шығарды. Алимент қаражаты баланың жеке депозиттік шотына аударылады.

ТЕАТР

Бүгінде театрға бару белгілі бір мәдениетті талап етеді: көрермен спектакль басталғанға дейін орнына...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова бұрынғы келіні Назым Қаһарманды сотқа берді. Ол Қаһар...