"Жол бойында жалғыз жүрген": Абай облысында 5 жасар қыз құтқарылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
688

Азаматтың қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында жол бойында жалғыз жүрген 5 жасар қыз анасына аман-есен қайтарылды, деп хабарлайды Madeniportal.kz Абай облыстық ПД-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

ПД жариялаған ақпаратқа сай, "Бекет-2" модульдік бекетіне ер адам кішкентай қызды әкеліп, оны жолдың жүріс бөлігінен байқап қалғанын және бұл жағдай баланың өміріне қауіп төндіруі мүмкін екенін хабарлаған. Полиция қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарын бастап, баланың ата-анасын анықтау үшін жедел әрекет етті. Нәтижесінде, қыздың анасы табылып, қызы аман-есен оған қайтарылды. Әйел кісі полицейлер мен баланы құтқарған азаматқа шексіз ризашылығын білдірді. "Бұл жағдай қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін еді, алайда азаматтың қырағылығы мен жедел әрекеті арқасында бәрі сәтті аяқталды. Бұл – балалар қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамау керектігін тағы бір еске салатын жағдай", – делінген полиция департаменті ақпаратында.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында (ПМЭФ) жасанды интеллектке арналған сессияда үй т...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Байғанин ауданында құдыққа түсіп кеткен кішкентай қызды құтқарамын деп қайтыс болған спортшы туралы...