Алматыда із-түссіз жоғалған ер адам өлі табылды

Ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1066

Талғар ауданында жоғалып кеткен 46 жастағы ер адам Алматыдан өлі табылды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Мамбетoв Асқар Абдужалилұлы, 1978 жылы туған, 14 шілдеде Тұздыбастау ауылында із-түссіз жоғалып кетті. Ол сол күні шамамен сағат 11:30-да ол Бердіғұлов көшесі, 18 а мекенжайында орналасқан орталық мешіттен шыққан.

Куәгерлердің айтуынша, содан кейін ер адамды аялдамада көрген. Ол Алматыға баратын №54 автобусқа мінген. Содан бері оның қайда екенін ешкім білмеді.

Ер адамның бағыт-бағдарын білмей, адасып қалатыны және психикалық ауытқуы бары белгілі болды.

“Жоғалған адамның денесі 14 тамызда табылды. Ал 17 тамыз күні оны әйелі мәйіттің күйеуіне тиесілі екенін растады. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың іздері жоқ”, – деп хабарлады еріктілер.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Тайландта дауыс берді, деп хабарлады Maden...