Қытайлық хакерлер АҚШ Қаржы министрлігінің ішкі желісін бұзғаны хабарланды

Фото: Жасанды интеллект

Жаңалықтар
332

Қаржы министрлігі өкілінің айтуынша, Advanced Persistent Threat хакерлік тобының мүшелері министрліктің ішкі желісіне  қол жеткізген, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Қолда бар мәліметке сәйкес, бұл шабуылды Қытай Халық Республикасы (ҚХР) қаржыландыратын Advanced Persistent Threat (APT) тобы жүзеге асырған. Бұл туралы Қаржы министрлігі Сенаттың банктік істер, тұрғын үй құрылысы және қалалық шаруашылық комитетіне жіберген хатта айтылған. Аталған хат «Америка даусы» радиосының қолында бар деп жазды басылым.

Қаржы министрлігінің өкілінің айтуынша, хакерлер BeyondTrust деп аталатын үшінші тарап киберқауіпсіздік компаниясының жүйесін бұзу арқылы министрлік қызметкерлерінің жұмыс компьютерлеріне қол жеткізген. 

Хатқа сәйкес, Қаржы министрлігі бұл бұзу туралы 8 желтоқсанда біліп, Киберқауіпсіздік және инфрақұрылым қауіпсіздігі агенттігі (CISA), Федералдық тергеу бюросы (ФБР), барлау қызметі және тәуелсіз криминалист-эксперттермен бірлесіп, оқиғаны тергеуге және оның салдарын анықтауға кіріскен.

Қазіргі уақытта хакерлердің Қаржы министрлігінің компьютерлік желісіне әлі де қол жеткізе алатыны туралы ақпарат жоқ.

Министрлік саясатына сәйкес, APT тобына қатысы бар кез келген хакерлік әрекет «киберқауіпсіздік саласындағы күрделі оқиға» ретінде бағаланады.

«Қаржы министрлігі өз жүйелеріне және ондағы деректерге төнген барлық қауіптерді өте маңызды деп санайды. Соңғы төрт жыл ішінде министрлік өз киберқорғанысын айтарлықтай нығайтты және біз қаржы жүйемізді ықтимал қауіптерден қорғау үшін жеке және мемлекеттік серіктестермен жұмыс істеуді жалғастырамыз», – деп мәлімдеген министрлік өкілі «Америка даусына». 

Жаңалықтар

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Атыр...

Жаңалықтар

2024 жылдың 24 желтоқсанында Зардаб ауданының аумағында Кура өзенінен батып кеткен 13 жасар қыздың д...