Алматыда КамАЗ жүргізушісіз жүріп кетіп, жолындағы нысандарды қиратты

Фото: ЖИ көмегімен өңделді

ЖАҢАЛЫҚТАР
542

Алматының Әуезов ауданында жол-көлік оқиғасы болды. Шаляпин көшесінде КамАЗ кенеттен жүргізушісіз қозғалып, бірнеше нысанды соққан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полицияның мәліметінше, оқиға шамамен сағат 09:20-да болған. Тұрақта тұрған жүк көлігі өздігінен жүріп кетіп, алдымен жол жиегінде тұрған көлікке соғылған. Онымен де тоқтамай КамАЗ қозғалысын жалғастырған. Жүк көлігі тас қоршауды бұзып, кейін аялдама кешеніндегі дүңгіршекке соғылған. 

Бақытымызға қарай, оқиға кезінде жүк көлігінің жолында ешкім болмаған. Полицияның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. 

Қазір КамАЗ-дың жүргізушісіз қозғалып кеткеніне не себеп болғаны анықталып жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда жүріп келе жатқан көліктен секірген қызды басқа автокөлік қағып кеткен. Полиция оқиғаның...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары әлі де тіркеліп жатыр. Дегенмен елдегі эпидемиологиялық а...