Ернар Айдар әкімшілік құқық бұзушылықтың бірден үш бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін

ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
332

Әлеуметтік желілерге мониторингі барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Тараз қаласында жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы жазды.
 

Жол талғамайтын көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, оны бейнетаспаға түсірген. Бұл туралы жазба әлеуметтік желіде жарияланды. 

Полиция қызметкерлерімен көлік құралының иесі анықталды. 

Азамат А. әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қою қағидаларын бұзғаны, жол белгілерімен немесе жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін, сондай-ақ жолдың белгіленбеген жерінен өткені үшін 
құқық бұзушыға айыппұл салынды.

Полиция жолдардағы қауіпсіздік жол қозғалысының әрбір қатысушысының жеке жауапкершілігінен басталатынын еске салады. 

Жол – бұл басқа көліктер мен жаяу жүргіншілерге қауіпсіз емес жағдай туғызатын әзілдер мен жарнамалық түсірілімдерге арналған орын емес.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін Алматы қаласында ақын , журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстанның еңбек...

ӘДЕБИЕТ

Шүй Жымо  徐志摩 Xu Zhimo (1897 – 1931), Қытайдың аса талантты ақыны, жазушысы, эссеи...