Қар жауып, бірнеше облыста жол жабылды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
3616

Қазақстанның бірнеше облысында қар жауып, құтқарушылар мен полицейлер көлік жүргізушілеріне жолдардағы жағдай туралы ескерту жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

“ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметінше, 2024 жылғы 11 қазанда сағат 17:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Петропавл" автожолының (18-304 шақырым аралығы) Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі учаскесінде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Ауа райының нашарлауына байланысты Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жүргізушілерге үндеу жасады. Жүргізушілерге ауа райы болжамын мұқият қадағалап, жол жағдайының күрт өзгеруіне дайын болуға, сондай-ақ қысқы дөңгелектерді дер кезінде ауыстыруға шақырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда резонанс тудырған оқиға болды: Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйдің подъезінде ер адам қызғ...