Алматыда көлік қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
972

Алматыда көшенің қақ ортасында жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті. Тәртіп сақшысы көп жарақат алған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға күндіз сағат үш шамасында Желтоқсан мен Сәтбаев көшесінің қиылысында болды. «Тойота» маркалы автокөлікті тізгіндеген ер адам кенеттен ортада жол қозғалысын қолмен реттеп тұрған полиция қызметкерін қаққан. Белгіні де пысқырмай, көшені қақ жарып өтпек болған жүргізушінің әрекеті бейнебақылау камерасына анық түсіп қалыпты.

Жүргізуші ұсталған жоқ. Ол түсініктеме бергеннен кейін бірден босатылды. Апатқа байланысты әкімшілік іс қозғалып, тергеу басталды.

«Toyota жүргізушісі Желтоқсан даңғылымен оңтүстікке қарай келе жатып, Сәтбаев көшесіне солға бұрылған кезде қозғалысты қолмен реттеп тұрған полиция қызметкерін қағып кетті. Жол апаты салдарынан полицияның аға лейтенанты дене жарақатын алды», - деп түсініктеме берді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...