Алматыда көшеде пышақ ұстаған ер адам тұрғындарды шошытты

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
237

23 мамыр күні таңертең Алматыдағы Есқараев пен Серкебаев көшелерінің маңында қолына пышақ ұстаған ер адамның тұрғындарды қорқытқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам мас күйде болған, өзін агрессивті ұстап, өтіп бара жатқан адамдарға тиісіп жүрген. Кейінірек оның №1 троллейбусқа отырып, кетіп қалғаны айтылды.

Оқиғаға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Қазір полицейлер ер адамның жеке басын анықтап, оны ұстау шараларын қолға алған.

Ведомство мұндай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретінін атап өтті. Оқиғаның барлық мән-жайына Қазақстан заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілмек. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтаудағы «Қасиет» медицина орталығы облыстық мәслихат депутаты Ербол Айтуовның липосакц...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Трамп әкімшілігі жарты ғасырдан астам уақыт бойы қолданылып келген тәжірибені өзгертетінін мәлімдеді...