Wildberries қоймасындағы кезекті жарылыстан қазақстандық кәсіпкердің 150 млн теңгелік тауары жанып кетті

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
114

16 тамызда Ресейдің Коледино қалашығында орналасқан Wildberries қоймаларына шабуыл жасалды. Салдарынан қазақстандық жас кәсіпкер Айдархан Қасымбектің жалпы сомасы 150 миллион теңге болатын тауарлары өртеніп кеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы кәсіпкердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Айдархан Қасымбек бұл ақпаратты қабылдау қиын болғанын жасырмады. 

Себебі бұған дейін жанған қоймаларда біздің тауарларымыз өте аз болған. Негізгі тауарларымыз Колединодағы қоймада орналасқан еді. Алланың қалауымен осылай болуы керек шығар. Бұған шүкір етеміз, - дейді кәсіпкер. 

Оның сөзінше, бір ай бұрын шабуылдар жасала бастаған кезде Колединодағы тауарларының құны, өзіндік құнымен есептегенде, 400 миллиондай болған. 

Қазір 150 миллион ғана қалды. Бұған дейінгі тауардың бәрін жеңілдікпен тездетіп сатып жібердік, - дейді жас кәсіпкер.  

PESTEL

Уфада 16 жастағы қыз екі әпкелі-сіңліге пышақ жарақатын салған. Зардап шеккендердің бірі &ndash...

Шоу-бизнес

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа ауылдағы концерттердің бірінде ақ жаулықты анаға ән арнап, көпшіліктің ықылас...