Алматыда күзетші кафеге келген қонақты соққыға жықты

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2011

Алматыда полиция кафеге келушіні соққыға жыққан күзетшілерді ұстады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Алмалы аудандық полицейлері келушіні қатты соққыға жыққан қаладағы ойын-сауық мекемелерінің бірінің екі күзетшісін ұстады.  40 жастағы ер адам ауыр жарақаттармен қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.

“Бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында дәмхананың екі күзетшісінің кінәсі анықталды, жәбірленуші онда достарымен бірге болған. Күзетшілердің келушілердің отырыс уақытын сәл ұзарту туралы өтінішіне соншалықты агрессивті түрде әрекет еткендігі белгілі болды. Оның үстіне мекеме қызметкерлері соққыға жығылған ер адамға араша болмақ болған адамдарға еш әрекет жасамаған. Екі күдікті де ұсталып, қамауға алынды”, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таиланд астанасы Бангкокта орналасқан Rong Beer Na Ladprao музыкалық бары мен түнгі клубында болған...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Футболдан әлем кубогының финалында Испания құрамасы Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы ат...