Шымкентте шенеунік әйеліне ұрланған бюджет қаржысына көлік сыйлаған

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1718

Шымкентте шенеунік әйеліне ұрланған бюджет қаржысына көлік сыйлаған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ QRnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Шымкенттік шенеунік қылмыстық жолмен алынған қаражатқа жұбайына автокөлік сатып алған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров мәлімдеді. 

Оның айтуынша, тергеу барысында шенеуніктер заңсыз табыстарын жасыру үшін мүлікті туыстарының атына рәсімдейтін жағдайлар жиі анықталған. 

"Шығыс Қазақстанда күдікті жұмыссыз туысына көлік пен екі пәтер рәсімдеген. Ал Шымкентте автокөлік шенеуніктің жұбайының атына жазылды", - деді Бегайдаров.  

Ведомство заңсыз жолмен алынған мүлік мемлекетке қайтарылатынын ескертеді. 

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...