Шерзат Болаттың әкесіне қатысты аппелляциялық сот шешімі шықты

Фото: Видеодан алынған кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1048

Бұзақылық үшін 15 тәулікке қамауға алынған Қаржаубай Нұрымовқа апелляциялық соттың шешімі шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz. 

Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасынан кейін, Каржаубай Нұрымов журналистермен кездесуді талап етіп, қолына пышақ алып өз-өзіне қол жұмсаймын дегені үшін 15 тәулікке қамауға алынған. Қоғамдық белсенділер мен отбасының адвокаттары құрғанjustice_for_sherzat парақшасында бүгінгі апелляциялық соттың шешімі шықты. Үкім жеңілдететін жағдайлар болғанымен, өзгеріссіз қалды.

“Ауырлататын мән - жайлар болмаған және жеңілдететін жағдайлар болған кезде, осы құқық бұзушылық үшін көзделген ең жоғары жаза қолданылды. Бұл жағдайда 15 тәулік мерзімге қамауға алу істің мән-жайларын ескере отырып, тым қатал және тепе-тең емес”, - делінген шағым құжатында.

Жеңілдететін жағдайлар ретінде мыналар келтірілді: 

  •  ұлының қазасы;
  • туған інісінің қайтыс болуы;
  • мүлікті (тұрғын үйді) жанып кетуі;
  • бұқаралық ақпарат құралдарының тұрақты назары;
  • ұлының қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттеріне күнделікті қатысу.

Шоу-бизнес

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында 1990 жылдары құрылғ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін белгілі күйші, композитор, «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық хал...