UFC қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов туралы фильм түсірді

Фото: инстаграм @shavkatrakhmanov94

ЖАҢАЛЫҚТАР
2343

UFC-дің YouTube арнасында қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) пен ирландиялық Иэн Гэрри (15-0) арасында өтетін жекпе-жекке арналған фильм шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейнежазбада екі спортшының жаттығуы мен жекпе-жек алдындағы пікірі көрсетілген.

Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри арасындағы жекпе-жек 7 желтоқсанда Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) UFC 310 турнирінде өтеді. Бастапқыда Рахмонов UFC жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуі үшін америкалық Белал Мұхаммедпен (24-3) кездесуі керек еді. Алайда Мұхаммед денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Енді Рахмонов Гэрриді жеңген жағдайда, Мұхаммедпен титулдық кездесу өткізе алады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетау қаласының 59 жастағы тұрғыны өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінде ерлі-зайыпты көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша...