Алматыда оқушы 13-қабаттан құлап, мерт болды

Фото: smi24.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2719

Әлеуметтік желіде Алматыда көпқабатты үйдің 13-қабатынан құлап кеткен 12 жасар қыздың өлімі туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Жоғарыдан құлап мерт болған бала қосымша сабаққа бару үшін үйден шығып кеткенімен, бірақ оның орнына оқиға болған жерге, яғни 13-қабатқа көтерілген.

Алматы полиция департаменті қыздың өлімін растады. 

«Осы факті бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ полицейлер интернетте марқұм қыздың қауіпті «Көгілдір кит» ойынын ойнады деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті. 

«Әлеуметтік желілерде тараған, қайтыс болған баланың қауіпті ойындар ойнап, өзіне қол жұмсау туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Алматы қалалық полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді және ресми дереккөздердің деректерін басшылыққа алуға шақырады», - деді баспасөз қызметі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...