Ақтауда оқушы қыздар бірін-бірі талдырып ойнаған

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2574

Ақтау қаласындағы мектептердің бірінде оқушы қыздар бірін-бірі талдырып ойнаған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Осы оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық Білім басқармасы түсініктеме берді.

Әлеуметтік желіде тараған видео 18 сәуір күні Ақтау қаласындағы мектепте болған.

Қыздар мектеп әжетханасында 7-сынып оқушысын өкпе тұсынан қысып, есінен тандырған. Қазіргі уақытта жасөспірімдер мен олардың ата-аналарымен профилактикалық психологиялық жұмыстар жүргізілуде.

«Сонымен қатар, аталған оқиғаға қатысты оқушылар Ақтау қаласы әкімі жанындағы кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша арнайы комиссияда қаралатын болады.

Ақтау қалалық білім бөлімінің тарапынан мектеп директорына тәртіптік шара қолданылды», - делінген Маңғыстау облыстық Білім басқармасының хабарламасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік маңызы бар құжаттарға өзгертулер енгізгенін жариялады, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында үш жасар баланы ат таптап кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.  Қайғылы оқиғ...