Майқайыңда үй ішінен көп уақыт жатқан мәйіттер табылды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
119

13 ақпанда Павлодар облысында көрші орналасқан екі үйден ұзақ уақыт жатқан екі мәйіт табылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Алдын ала деректер бойынша, Майқайың кентіндегі ер мен әйелдің бірі шамамен екі жыл бұрын, екіншісі бірнеше ай бұрын қаза табуы мүмкін. Павлодар облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Жергілікті тұрғындар мәйіттердің бірі қарт әйел тұрған үйден, ал екіншісі көрші үйден табылғанын айтты. Болжам бойынша, марқұмдар оның туыстары – күйеуі мен қызы болуы мүмкін. Бұл ақпарат әзірге ресми расталған жоқ.

Дәрігерлерді отбасы мүшелерінің бірі ұзақ уақыт бойы қабылдауға келмей жүргені алаңдатқан. Мекенжайға барған кезде ешкім есік ашпаған.

Павлодар облысы бойынша бала құқығы жөніндегі уәкіл Сәуле Шакенева үйлердің бірінде анасы мен кішкентай қыз бірге тұрғанын айтты.

Қазір бала ауруханаға орналастырылды. Әрі қарай оны ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала ретінде Екібастұздағы балаларды қолдау орталығына орналастыру мәселесі шешіледі, - деп түсіндірді Шакенева.

Бала құқығы жөніндегі уәкілдің айтуынша, туыстарының қалауы бойынша қыз балабақшаға бармаған.

Қыз мектепте де оқымаған. Себебі оқу жылының басында оның жасы небәрі беске толған еді. Қазір медициналық көрсеткіштер бойынша дені сау, сырт көзге қандай да бір ауытқуы байқалмайды. Онымен балалар психологы жұмыс істеп жатыр, - деді Сәуле Шакенева.

Бұған дейін Майқайың кентінің тұрғындары отбасы бөгде адамдарды үйіне кіргізбейтінін хабарлаған. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Украинаның Қауіпсіздік қызметі қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабуровқа қатысты сотқа дейінгі тер...

СПОРТ

Бразилиялық тау шаңғышысы Лукас Пиньейро Бротен өз елінің тарихында қысқы Олимпиадада алтын медаль ж...