Алматыда қыз балаға шабуыл жасаған еркектің әрекеті халықтың ашуын туғызды

Фото: stan.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2612

Алматыда әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын тудырған оқиға болды. Желіде тарап жатқан видеода ер адамның тұрғын үй кешенінің бірінің кіреберісінде қызға шабуыл жасаған сәті түсірілген, деп хабарлайды madeniportal.kz Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Оқиға 6 қарашада сағат 23:30 шамасында Алматының тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрлардакіреберісте тұрған ер адамның сырттан кірген қыздың артынан еріп, күтпеген жерден шабуыл жасағанын көруге болады. Ол қызды құлатып, баспалдақтан төмен қарай сыртқы есіке дейін жармасып барады. Шабуыл кезінде қыз барынша ер адамның қолынан сытылып шығуға тырысады және соңында қашып құтылады.

Алматының құқық қорғау органдары оқиға дерегін растап, тергеуді бастады. Полиция департаменті шабуыл жасаған адамның ұсталып, қамауға алынғанын хабарлады.

"Бұл факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жіберіледі", - делінген хабарламада. 

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...