«Төркіні келгенде шай құйғызғаны не»: Алтынай Жорабаеваның тұрмыс құрған қызы тағы сынға қалды

коллаж: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
671

Танымал әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі жазбасында отбасының қуанышты сәтімен бөлісті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Өнер иесі атасы мен әжесінің жиен немересін көріп, ерекше толқығанын айтты. Оның сөзінше, олар бала әлі кішкентай болғандықтан алаңдап жүрген.

«Атасы мен апасы жиен немерсін көріп, жылап қалды. “Жаным, әлі кішкентай ғой…” деп уайымдап жүрген еді ғой. Көріп, көңілдері орнына түскендей болды», – деп жазды Алтынай Жорабаева.

Ал желі қолданушылары болса, төркіні қонаққа келгенде шай құйған жаңа түскен келінді сынға алды.

"Негізі дұрыс емес. Жаңа түскен келінді төркініне шәй құғызғаны. Басқа келіндер бар ғой", "Маңғыстауда төркіні келгенде қыздарына шәй құйғызбайды, әдемі киіндіріп қастарына отырғызады. Өз төркініне шәй құйғызып қойған ұят емес пе расында да...", "Шай құйғызып қойғаны нес төркініне. Дым көрмеген сияқты", - деген секілді пікірлер жазылған.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдан Астанаға ұшып бара жатқан ұшақта бір мезгілде үш жолаушының денсаулығы сыр берді. Абырой...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Байқоңырда полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, дене жарақатын салған 17 жастағы жасөспірімге қат...