Air Astana ұшағы Бейжіңге қонуға мәжбүр болды

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1362

Air Astana әуе компаниясының KC210 рейсі Сеул – Астана бағытымен ұшып бара жатқан кезде техникалық ақауға байланысты Бейжің әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әуе компаниясыны таратқан мәлімет бойынша, ұшу барысында ұшақтағы барлық дәретханалар істен шыққан. Енді ұшақтағылар ақауды жою үшін қажетті қосалқы бөлшектің жеткізілуін күтіп отыр. Рейстің ұшу уақыты сағат 01:00-ге шегерілді.

Қытайға визасыз кіре алатын жолаушыларға қалаға шығуға және қонақүйге орналасуға рұқсат берілді. Ал визасы жоқ жолаушылар транзиттік аймақта қалып, оларға тамақ пен көрпелер ұсынылады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...