Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, Халықаралық Түркі академиясы және Еуразия жазушылар одағының ұйымд...
Алматыда тағы бір сарбаз оқу жаттығу кезінде жарақат алды
ашық дереккөзден
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының мерзімді әскери қызметшісі оқу полигонында оқу атыстары кезінде оқ жарақатын алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«13 қаңтар күні шамамен сағат 15:05-те жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес оқу полигонында 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен оқу атыстары өткізілді. Қауіпсіздік шараларының бұзылуы салдарынан 2–2025 шақырылымының мерзімді әскери қызметшісі, қатардағы Г. АК-74 автоматынан сол аяғын жанай атып, өзіне-өзі оқ жарақатын салуға жол берді», – делінген хабарламада.
Зардап шеккен әскери қызметшіге қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін Қонаев қаласының қалалық ауруханасына жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр, өмірлік маңызды ағзалары зақымданбаған.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.