Қос азаматтығы бар астаналық 10 жыл бойы екі елден зейнетақы алып келген

Фото: kapital.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2373

Қазақстан мен Ресей Федерациясы мемлекеттерінің қос азаматтығы бар қала тұрғыны 10 жыл бойы екі мемлекеттің аумағында бір мезгілде зейнетақы төлемдерін алып отырған, деп хабарлайды madeniportal.kz inbusiness.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарының кепілдіктері туралы Келісімге сәйкес – қатысушы мемлекеттер шегінде зейнеткер қоныс аударған кезде, егер сол түрдегі зейнетақы зейнеткердің жаңа тұрғылықты жері бойынша мемлекеттің заңнамасында көзделсе, бұрынғы тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлеу тоқтатылады. Осылайша, зейнетақы төлемдерін Келісімге қатысушы екі мемлекетте бір мезгілде тағайындау мүмкін емес.

– Қала прокуратурасының ден қою актісі бойынша сотпен зейнетақы төлемдерін алушыдан 8,9 млн теңге мөлшерінде заңсыз алынған зейнетақы төлемдері өндірілді, – делінген Астана қаласы прокуратурасының хабарламасында. 

АЙМАҚТАР

Синоптиктер 2026 жылғы 15 наурызға арналған шұғыл мәлімдеме жасады. Еліміздің басым бөлігінде көктай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

14 наурызға қараған түні Ақтауда отшашудың арты өртке ұласты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Бұл о...