«Бала дауысы» («Голос. Дети») жобасы 6 маусымының финалисі Максим Ержан Нұр-...
«Кішкентай қызы жетім қалды»: Ақтөбеде тағы да бір әйел бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапты
ЖИ
Ақтөбеде жас келіншектің қаза тапқаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Марқұмның әпкесі екенін айтқан желі қолданушысы оның өліміне бұрынғы күйеуі кінәлі екенін мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Threads әлеуметтік желісінде «Тагатовна К» есімді қолданушы жанұясында болған қайғылы жағдай туралы жазба жариялады. Оның айтуынша, сіңлісі Ақтөбе қаласында түнде қаза тапқан. Әйелдің өліміне бұрынғы күйеуінің қатысы бар деп мәлімдеген ол екеуінің ортақ кішкентай қызы қалғанын жеткізді.
«Кеше түнде Ақтөбе қаласында менің сіңлімді өлтіріп кетті. Оны ортақ баласы бар бұрынғы күйеуі өлтірді. Жап-жас қызды қорлап өлтіріп тастады. Өзі түрмеге кетті, ал кішкентай қызы жетім қалды», – деп жазды ол.
Желі қолданушысы жақын адамынан айырылу отбасы үшін ауыр соққы болғанын айтып, қайғысын бөлісті. Сондай-ақ ол қыз-келіншектерді отбасын құру мәселесінде асығыс шешім қабылдамауға шақырды.
«Бұл біз үшін орны толмас ауыр қаза болды. Мұндай қайғыны жауыма да тілемеймін. Тұрмысқа шықпас бұрын мың ойланыңдар. Қыздар, абай болыңдаршы, тұрмыс құруға асықпаңдар», – деп жазды марқұмның туысы.
Әзірге оқиғаның нақты мән-жайы, марқұмның жасы және күдікке ілінген адамның процессуалдық мәртебесі туралы ресми ақпарат жоқ.
Смотреть в Threads