Астанада 50-ге жуық қылмыс жасаған ер адам құрықталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2575

Астанада алаяқтықтың 49 дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Polisia.kz-тің мәліметінше, Астана қаласы ПД Есіл ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері келіп түскен арыз бойынша, алаяқты анықтаған. 58 жастағы зейнеткер шет елде оқытуды ұйымдастыратын қызмет орталығына алданып қалған. Жәбірленуші немересінің армандарын орындамақшы болған.

Күдікті оқуға баратын бес шетелді ұсынып, өз есеп шотына ақшаны аудартып алады. Шығын көлемі шамамен 18 млн теңгені құрады.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осыған ұқсас тағы 49 эпизод бар екені белгілі болды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Бейнеу-Сексеуіл» магистралі – Қытай мен Еуропаны байланыстыратын «алтын&raq...