Алматыда велосипедші зейнеткер әйелді қағып, қашып кеткен

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
338

Алматыда велосипедші сауда орталықтарының бірінің маңында зейнеткер әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлады   MadeniPortal.kz.

Оқиға 1 маусым күні болған. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккен әйелге алғашқы көмекті оқиға орнында өтіп бара жатқан адамдар көрсеткен.

Алматы қалалық полиция департаменті велосипедшінің жаяу жүргіншіні қағу фактісі бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта оқиға орнынан бой тасалаған адамның жеке басын анықтау және оны ұстау шаралары қабылданып жатыр. Жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде», – деп мәлімдеді полиция.

Ведомство өкілдері құқық бұзушының әрекетіне Қазақстан заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілетінін атап өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

1 шілдеден бастап Қазақстанда шетелдік маркетплейстер арқылы сатып алынатын тауарларға қатысты жаңа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұрлығын жасыру үшін қарағандылық адам біреудің көлігін өртеп жіберген, деп хабарлайды MadeniPortal.k...