Ер адам жол сөмкесіндегі заты үшін 11 жылға сотталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2380

Ұлытау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Ол гашишті заңсыз өңдеу, сақтау, тасымалдау және аса ірі көлемде сату бойынша айыпталды. Сотталушы тыйым салынған затты тұрмыстық жағдайда дайындап, кейін оны жол сөмкесіне жасырып, жолаушылар пойызымен Жезқазған қаласына жеткізген. Ол есірткіні сатуды жоспарлаған.

Сот барысында прокурор айыпталушының кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар ұсынды. Құқық қорғау органдары Ұлытау облысы аумағында шамамен 5 килограмм гашиштің таралуына жол бермеді. 

Сот сотталушыға 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...