Атыраудағы жанармай құю бекетінде автобустан өрт шықты

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1160

Атырау облысының Доссор ауылында орналасқан жанармай құю бекетінің аумағында автобус өртенді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға туралы ақпарат 112 қызметіне түскен бойда, құтқару бөлімшелері шұғыл түрде оқиға орнына жіберілген. 

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында жалынның жанармай құю станциясына таралу қаупі болмаған.

ТЖМ өртті аз уақыт ішінде толық сөндіргенін мәлімдеді. 

Министрлік таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...