Алматыда жастар арасындағы құқықбұзушылыққа қарсы бақылау күшейді

Фото: Алматы әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
36

Алматыда түнгі клубтар мен ойын-сауық орындарына бақылау күшейді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алматы қаласында жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған рейдтер жалғасып жатыр. «Заң және тәртіп» акциясы аясында өткен кезекті тексеру шараларына Жастар саясаты басқармасы, полиция қызметкерлері, қоғамдық кеңес мүшелері, жастар ұйымдары мен комьюнити орталықтарының өкілдері қатысты.

Тексеру барысында түнгі клубтар, компьютерлік клубтар, барлар мен қоғамдық тамақтану орындары қамтылды. Негізгі назар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүруіне, сондай-ақ есірткі заттарының таралуы мен басқа да заңсыз әрекеттерге аударылды.

Рейд нәтижесінде 28 түнгі және компьютерлік клубта, сонымен қатар аула аумақтарында 57 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Олардың арасында жасөспірімдерді түнгі орындарға кіргізу, кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге тарту белгілері және мекеме иелері тарапынан жіберілген талап бұзушылықтары бар.

Анықталған деректер бойынша құқықбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Бұдан бөлек, жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Рейдке қатысушылар жастар қауіпсіздігі басты назарда екенін атап өтті.

Біз жасөспірімдерді заңсыз әрекеттерге тартудың алдын алу жұмыстарын жалғастырамыз. Барлық ойын-сауық орындары заң талаптарын қатаң сақтауы қажет. Әрбір құқықбұзушылық бақылауда болады, – деді ұйымдастырушылар.

Мамандардың айтуынша, мұндай тексерулер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады. Еске салсақ, осыған ұқсас рейд 2026 жылдың сәуір айында да жүргізіліп, бір түнде 130-дан астам нысан тексерілген. Сол кезде 200-ден аса құқықбұзушылық тіркелген болатын.

Ұйымдастырушылар кәсіпкерлерді заң талаптарын сақтауға шақырса, ата-аналарға балалардың бос уақытын бақылауды күшейту қажеттігін ескертті.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

28 мамырда Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалының аумағында ер адам көпірден секіріп кетті, д...

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

Құмар Омархан – ХХІ ғасырдың басындағы Тәуелсіз Қазақстанның жас суретшілер легінің көшін ба...