Олжас Абай мен Дариға Бадықова желі қолданушыларына өтініш айтты

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
114

Олжас Абай Instagram парақшасында өзінің және Дариға Бадықованың атынан жасанды интеллект арқылы дайындалатын видеоларға қатысты үндеу жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жазбада олардың аты мен бейнесін пайдаланып контент жасайтын желі қолданушыларынан заң талаптарын сақтау сұралған. Сонымен қатар мұндай видеоларда өздерін белгілемеуді өтінген.

“Жасанды интеллект көмегімен видео жасағанда, заң талаптарын сақтап, заңға қайшы келетін контент жарияламауларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, біздің атымызды немесе бейнемізді пайдаланып жасалған мұндай видеоларда бізді белгілемеулеріңізді өтінеміз”, – делінген жазбада.

Үндеу соңында жасанды интеллект мүмкіндіктерін жауапкершілікпен пайдалану қажеттігі айтылған.

“Жасанды интеллект – мүмкіндік, ал оны дұрыс пайдалану – жауапкершілік. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет”, – деп жазылған Олжас Абай мен Дариға Бадықованың атынан жарияланған мәлімдемеде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда полициясы анасы мен сәбиін көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні бір апта...

СПОРТ

Қазақстандық парадзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков Азия Пара ойындарының чемпионы атанды. Ол шешуші белд...