Камчатка түбегінде 2025 жылғы 30 шілдеге қараған түні болған 8,7 магнитудалы жер сілкінісінен кейін...
Қазақстанда Кітапханашы күні пайда болады
5056
Джузеппе Арчимбольдо. Кітапханашы. 1566 жыл
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мерекелік күндердің тізбесіне қатысты қаулы жобасын даярлады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
Осы орайда мерекелік күндердің тізбесіне қатысты жобада мынадай мазмұндағы 37-1 пунктімен толықтырылады:
«37-1. Кітапханашы күні – 22 қазан».
Атап айтқанда, аталған жобаның мақсаты - кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби аренада ынталандыру.
«Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатты қоғамдық талқылау биылғы 18 ақпанға дейін жалғасады.