Алматыда “Желтоқсан 86” қоғамдық бірлестігі қ ЛГБТ-ға қарсы акциясы өтті

ЖАҢАЛЫҚТАР
2632

Алматыда «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінің жанында Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында «Желтоқсан 86» қоғамдық бірлестігінің қатысушылары жиналып, ЛГБТ ұйымдарына қарсы акция өткізді, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі kznews.kz-ке сілтеме жасап.фото: тікелей эфирден жасалған скрин

 Акцияның тікелей эфирі facebook әлеуметтік желісінде жүргізілді.

Қоғамдық бірлестіктің ондаған қатысушылары арнайы рәсім өткізіп, адыраспан жағып, дұға оқыды.

Акцияға қатысушылардың бірі Гүлбахрам Жүніс «Желтоқсан 86» қоғамдық бірлестігінің атынан:

« ЛГБТ ұйымдары еліміздің мүдделері, болашағы мен гүлденген халқымыздың тағдырына қауіп төндірмес үшін оларға тыйым салу мақсатында біз мемлекеттен арнайы заң талап етеміз»,- деді.

Олар бұл талапты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, премьер-министр Бектеновке, депутаттар мен халыққа жолдады. Олар сондай-ақ жыл сайын 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесінде митингтерге шығуға тыйым салуды талап етті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде Астана қаласындағы саябақтардың бірінде қыздардың ерсі қылықтары көзге түскен виде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодар облысының жалпы орта білім беру мектебінің түлегі Әсет Альтаир негізгі ҰБТ-да 140 балл иеге...