Желіде Шерзаттың өліміне қатысы бар жігіттің анасына тілек айтқан видеосы тарап кетті

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
4370

Әлеуметтік желіде Шерзат Полаттың өліміне қатысы бар деген азаматтың видеосы тарап кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Инстаграм әлеуметтік желісінде анасын құттықтап, тілек айтып, гүл сыйлап жатқан жігіттің видеосы "Сен анаңды қалай жақсы көрсең, Шерзат та солай жақсы көрді" деген жазбамен таралып жатыр. 

Бұл видеоның астына пікір қалдырушылар "Қанша миллион адамның көз жасына қалдың-ау", "Қанша миллион адам қарғады", "Жабылып жүріп өлтірдіңдер" деген секілді пікірлер жазған. 

Еске сала кетейік, 4 қазан күні Талғарда әкесін қорғаймын деп қаза болған Шерзат Полаттың жақында ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев та дүниеден озды. Ал, Шерзаттың әкесі қазір қамауда отыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекованың үшінші келіні, әнші Заңғар Нұртастың жары Индира Мауленова ү...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде қолдан...