Дәрігерлер жаңа туған сәбилерге жалған диагноз қойып, өлтіріп келген

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
3640

Ыстамбұлда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сот отырысының төртінші күні аяқталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

24kz телеарнасының мәліметінше, қаскөйлер пайда табу үшін жаңа туған шақалақтарды жеке меншік клиникаға жіберіп отырған. Ол жерде балалар өздеріне мүлде қажет емес, болашақта өлімге әкелуі мүмкін ем қабылдаған. Жалпы 47 адамға қатысты іс қозғалған. Оның 22-сі қамауда отыр. Айыпталушылардың ішінде дәрігерлер, медбикелер, медициналық мекеме қызметкерлері және бірқатар жеке аурухана өкілдері бар.

Айыпталушылар кез келген заңсыз әрекетті теріске шығарып, өздерінің дұрыс шешім қабылдағанын алға тартады. Елде денсаулық сақтау жүйесіне бақылауды күшейту ісі жүруде,  Осыдан кейін билік 19 аурухананың 9-ын жабу туралы шешім қабылдады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Колумбияда бортында 15 адам болған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, олардың арасында конгрессмен Дио...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте тағы бір әйел пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Шымкент қалас...